$ 456.56  530.52  5.28

«Не деген махаббат»: Блогер Дәмелі тойында күйеу жігітке тосынсый жасады

"Дәмелі – ешкімнің қолы жете алмаған қыз еді". 

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Блогер Дәмелі Бектұрсынова мен Мұраттың «Ұмытылмас күн» атауымен өткен үйлену тойы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Желі қолданушылары Алматыдағы салтанатты кешті «Жыл тойы» деп атап, жас жұбайларға жылы тілектерін жаудырған.

Бұған дейін тойдың Алматыдағы ең қымбат мейрамханалардың бірінде өткенін жазған болатынбыз. Салтанатты кешке танымал әнші Димаш Құдайберген, кәсіпкер Кеңес Рақышев және «Дос-Мұқасан» тобы секілді белгілі тұлғалар қатысқан.

Той барысында Дәмелі Бектұрсынова жарына ерекше тосынсый жасаған. Ол пианинода ойнап отырып, Алла Пугачеваның репертуарындағы «Любовь, похожая на сон» әнін орындаған. Күйеу жігіттің жарының өнеріне таңғалып, ерекше әсер алғаны видеодан анық байқалады.

Желі қолданушылары жас жұбайларға бақыт тілеп, Мұраттың өзіне лайық жар таңдағанын жазды. Олардың пікірінше, Дәмелі – таланты мен көркі жарасқан қыз.

Тойдан кейін жас жұбайлардың неке жүзіктері де көпшіліктің назарын аударды. Желі қолданушылары олардың Harry Winston брендінен екенін жазған. Ашық деректерде бұл брендтің неке жүзіктері шамамен 20 мың доллардан басталатыны көрсетіледі.

Әлеуметтік желіде жұптың қарым-қатынасына қатысты түрлі пікірлер де айтылды.

«Жігіт жақсы көретіні көзқарасынан көрініп тұр. Өте әдемі жұп. Дәмелі – ешкімнің қолы жете алмаған қыз еді, Мұрат оны алып кетті», – деп жазды желі қолданушылары.

Жас жұбайлардың тойынан тараған кадрлар әлеуметтік желіде кеңінен тарап, көпшіліктің қызығушылығын тудырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0