08.09.2026, 12:20

«Күлдірген жоқсың, күлкі болдың»: Ләйлә Сұлтанқызы Super Star жобасында сынға қалды (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Эфир барысында тележүргізуші жас қатысушыға қатысты пікір білдірген.

Super Star жобасында төреші болған тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қатысушы Ясминмен әзілдескені үшін желі қолданушыларының сынына қалды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Эфир барысында тележүргізуші жас қатысушыға қатысты пікір білдірген. Алайда кейін Ләйлә Сұлтанқызы Threads желісіндегі парақшасында Ясминді алғаш көргеннен ұнатқанын жазды.

Бұл жағдайға қатысты желі қолданушыларының пікірі әртүрлі болды. Бірі тележүргізушінің қалжыңын орынсыз деп санаса, енді бірі оның жас қатысушыны жігерлендіргісі келгенін айтты.

«Шегесі несі?», «Ләйлә неге отыр, әнші ма?», «Орынсыз қалжың болды», «Недеп отыр?», «Кішкентай қызға ұят қой», «Дым күлкілі емес», «Неге біреуге сын айтады, бұл әнші емес қой?», «Жас буынға мысқылдап құртады», «Еңсесін көтерсін дегені ғой», «Күлдірген жоқсың, күлкі болдың», – деп жазды оқырмандар.