Филармония ұжымы жаңа қызмет иесін құттықтады.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі әнші-композитор Біржан Хасанғалиев жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Мәдениет комитетінің шешімімен Біржан Ескендірұлы Хасанғалиев Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы директорының менеджмент және маркетинг жөніндегі орынбасары қызметіне кірісті.
Филармония ұжымы жаңа қызмет иесін құттықтап, шығармашылық шабыт пен жұмысына толағай табыс тіледі.
«Біржан Ескендірұлын жаңа қызметімен шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық шабыт, толағай табыс және жаңа белестер тілейміз! Жаңа қызметіңіз жемісті болсын!» – делінген филармонияның құттықтауында.