Неміс актері Тиль Швайгер Алматыға келіп, Джеки Чанмен бірге «Доспехи Бога: Ультиматум» фильміне түседі.
Sәlem Entertainment әлеуметтік желілерде 80-нен астам фильмде актер ретінде өнер көрсеткен Тиль Швайгердің халықаралық киножобаға қосылғанын хабарлады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
– Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің түсіріліміне көпшілік культтік «Достучаться до небес», Квентин Тарантиноның «Бесславные ублюдки» және Гай Ричидің «Министерство неджентльменских дел» фильмдері арқылы танитын актер Тиль Швайгер қосылды. Жақында оны Джеки Чанмен бірге үлкен экраннан көретін боламыз, – делінген хабарламада.
Тиль Швайгер «Достучаться до небес» фильміндегі Мартин Брест рөлімен халықаралық деңгейде танылды.