Жуырда студент атанған бойжеткен автобуста келе жатқан сәтін видеоға түсірген.
Танымал әнші Қайрат Нұртастың қызы Алау Қайратқызы қоғамдық көлікте түсірген видеосын жариялап, желі қолданушыларының назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жуырда студент атанған бойжеткен автобуста келе жатқан сәтін видеоға түсірген. Желіде тараған кадрдан оның өзге жолаушылармен бірге қоғамдық көлікте отырғанын көруге болады.
Кейбір желі қолданушылары әншінің қызы автобуспен жүргеніне таңданысын жасырмаған.
— Байдың қыздары да автобуспен жүреді екен ғой, — деп жазды оқырмандардың бірі.
Тағы бір қолданушы:
— Әншінің қыздары да автобуспен жүре ме? — деп пікір қалдырған.