$ 456.89  531.36  5.32

«Сіз универсалсыз ғой»: Қайрат Нұртастың келіні қайын атасын мақтап, елдің назарын аударды (ВИДЕО)

Келінінің қайын атасына деген ықыласы көпшіліктің назарын аударып, желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. 

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков әлеуметтік желідегі парақшасында келіні Айгерімнің өзіне айтқан жылы сөздерін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Келінінің қайын атасына деген ықыласы көпшіліктің назарын аударып, желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.

Айгерім қайын атасын бірнеше істің басын қатар алып жүрген әмбебап жан ретінде сипаттаған. Оның айтуынша, Нұртас Айдарбеков бір мезетте жылқы бағып, құрылыс жұмыстарымен айналысып, немересіне сабақ оқытады. Сонымен қатар тойларға барып, ән де айтып жүреді.

«Папа, сіз универсалсыз ғой. Папа жылқы бағады, папа құрылыс жүргізеді, папа немересіне сабақ оқытады, папа арасында тойға барып, “Зуби-зуби”-ді айтады. Білмеймін, папа болмаса, қалай?» – деген Айгерімнің сөзін Нұртас Айдарбеков өз парақшасында бөліскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0