Желі қолданушылары олардың қылығын ерсі деп бағалап, сахна мәдениетіне қатысты сын айтты.
Танымал актер Қанат Тасыхан мен блогер Сабина Мовлаеваның сахнадағы әрекеті көпшіліктің сынына ұшырады. Екеуі сахнада билеп, көңіл көтерген сәттен кейін әлеуметтік желі қолданушылары өз наразылығын білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Желі қолданушылары олардың қылығын ерсі деп бағалап, сахна мәдениетіне қатысты сын айтты.
«Сахнадан сән, әннен мән кетті», «Тым ерсі», «Айтатын Асанәлі кетті, сайқымазтар көбейді», «Мағынасы жоқ әндерді айтқандарына мәз», «Түсініксіз не айтып жатыр», «Сұхбат берген кезде Қанаттан асқан мәдениетті адам жоқ, әдемі сөйлемей амал жасауды үйрен», «Сахнаны сыйлау керек», «Маймыл болып тұр», «Түнгі клубта сияқты» деген пікірлер жазды желідегілер.