$ 456.89  531.36  5.32

«150 мың теңге зейнетақы алады»: Ләйлә Сұлтанқызы анасы туралы бар шындықты айтты (ФОТО)

Желі қолданушылары тележүргізушінің бұл ойымен келісіп, жазба астында қолдау білдірді.

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы анасы туралы әсерлі жазба жариялап, қоғамдағы әйелдердің жасына қатысты қалыптасқан стереотиптерге назар аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тележүргізушінің айтуынша, анасы еліміздегі қарапайым зейнеткерлердің бірі. Ол ай сайын 150 мың теңге зейнетақы алады. Алайда қаражатын көбіне өзіне емес, той-томалаққа, немерелеріне және жол шығындарына жұмсайды.

Ләйлә Сұлтанқызы анасының өзіне әдемі киім алғысы келген кезде де «Ел не дейді?», «Жасыма сай емес шығар» деп ойлайтынын жазды.

«Қазақстанда 70 жастан асқан шамамен 1,1 миллион адам бар. Оның 720 мыңнан астамы әйелдер. Неге біз әйелді зейнетке шыққан күні-ақ сәннен де «шығарып саламыз»? «Ашық түсті жастар кисін». «Жасыңа сай киін». «Елден ұят». Осы сөздер апаларымыздың гардеробынан түсті ғана емес, өзін әйел ретінде сезіну құқығын да, сенімін де алып қойды», – деп жазды ол.

Тележүргізуші әйел адамның жасы ұлғайған сайын шектеу емес, еркіндік көбірек болуы керек екенін атап өтті.

«70 жас – қою түсті киініп, көзге түспей отыруға шығарылған үкім емес. Әйелдің жасы ұлғайған сайын тыйымы емес, еркіндігі көбеюі керек. «Жасыңызға сай киініңіз» демейік. «Өзіңіз үшін әдемі өмір сүріңіз» дейік», – деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Желі қолданушылары тележүргізушінің бұл ойымен келісіп, жазба астында қолдау білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0