$ 450.91  522.69  5.33

«Әйелдері көп болады»: Блогер Айым Сейтметованың экс-күйеуі сынға қалды (ФОТО)

Итаев Instagram парақшасында бұл мерекеге «үлкен миссиямен» келгенін жазды. 

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Белгілі блогер әрі маркетолог Айым Сейтметованың бұрынғы күйеуі Талғат Итаев Алматыда достары Алишер мен Дамираның екі ұлына арналған тұсаукесер рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Итаев Instagram парақшасында бұл мерекеге «үлкен миссиямен» келгенін жазды. Сондай-ақ Алишерді бірнеше жылдан бері бірге еңбек етіп келе жатқан жақын інісі ретінде таныстырды.

Ол қос бүлдіршінге дендерінің сау, өмірлерінің бақытты болуын тілеп, ақжолтай тілек білдірді. Жазба аз уақыттың ішінде мыңдаған лайк пен ондаған пікір жинады.

Ал желі қолданушыларының бірі балалардың болашақта «әйелдері көп болатынын» жазып, әзілдеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0