Мүмкіндік болса, соншалықты қатыгездік танытпауға да болар ма еді.
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова бүгін ғана сотталған актер Нұрсұлтан жақсыгенді жақтап шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша Жақсыгенге тым қатыгездік танытылған.
"Мүмкіндік болса, соншалықты қатыгездік танытпауға да болар ма еді. Ортада бала-шағалары бар шығар. Кісі өлтіріп, қыз зорлап, ұрлық жасаған жоқ. Жеңілдеткені дұрыс ау, кімнің басынан не өтпейді, ешқайсыңыздың бала-шағаңыздың басына бермесін. Әйелі де кішкене жеңілдетсе деп жүрегі ауырып тұрған сияқты. Жазасын алу керек, бірақ кішкене жеңілдетіп 2 жарым жыл емес 1 жылда жеткілікті ма дегенім ғой, ол жақтан түзеліп емес, қаны безер болып бұзылып келуі де мүмкін ғой. Сырттай көріп жүргенім болмаса, аса бір танымайды екенмін, қандай адам екенінен де хабарым жоқ. Әйтеуір ата-анасы бар., бала-шағасы бар, ешкум жыламаса дегенім ғой", - деп жазды ол.