$ 444.88  513.26  5.28

«Шетелде басқа қызбен жүр»: Аша Матайдың күйеуі Арман қызу талқыға түсті

"Аша екеуі ажырасып кеткен бе?".

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Әнші Арман Қоңырдың әлеуметтік желідегі соңғы суреттері көпшіліктің назарын аударды. Желі қолданушылары оның модель Айдана Рахымбаевамен бір жерде болғанын байқап, түрлі болжам айта бастаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған жазбада Арман Қоңыр мен Айдана Рахымбаеваның бір локациядан сурет жариялағаны көрсетілген. Осыған байланысты оқырмандар олардың бірге жүрген-жүрмегенін талқылап жатыр.

Пікір білдірушілердің арасында бұл жай ғана сәйкестік болуы мүмкін дегендер де, екеуінің арасында қандай да бір қарым-қатынас бар деп топшылағандар да кездеседі.

«Арман шетелде басқа қызбен жүр ғой. Аша екеуі ажырасып кеткен бе?», «Ашаның өзін дәлелдегісі келіп, Құрылтайға бару себебі осы екен ғой» деген секілді пікірлер жазылған.

Айта кетейік, Аша Матай мен Арман Қоңырдың қарым-қатынасына қатысты түрлі әңгіме 2021 жылдан бері айтылып келеді. Жанкүйерлері кейінгі уақытта жұптың бірге түскен суреттерін сирек жариялай бастағанын, ал әлеуметтік желідегі жазбаларында көбіне балаларына қатысты контент бөлісетінін байқаған.

Алайда жұлдызды жұп жеке өміріне қатысты ақпаратқа ресми түсініктеме берген жоқ.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0