22.09.2026, 15:00

«Қызға әйел болуды емес, жігітке еркек болуды үйрету керек»: Блогер қазақтың жігіттері туралы

Фото: https://www.instagram.com/irisbala__ikrambai_official/

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай бүгінде қоғам арасында қызу талқыға түсетін ер адамдардың ұсақталуы мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, талап қыздарға ғана емес, ер адамдарға да қойылуы керек.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді. 

«Қызға әйел болуды емес жігітке еркек болуды көбірек үйрету керек», — деп жазды ол. Оның бұл ойын желі қолданушылары да жаппай қолдады. 

Сондай-ақ, ол отбасындағы қуанышты жаңалығымен де бөлісті. 

«Отбасымызда ұлдардың кішісі Мадияр жігіт бір басым екеу болса деп ниетін білдірді. Қызын көрейік,үлкендерінің алдынан өтіп тойды бастаймызба?», — деп жазды ол. 

Айта кетейік, Ырысбала Икрамбай көпшілікке «Қалаулым» ток-шоуы арқылы танылған болатын.