23.09.2026, 03:30

«Ақшаң болмаса, сен ешкім емессің»: актер Әбілмансұр Серіковтің сөзі қызу талқыланды (ВИДЕО)

Фото: Видео скриншот

Кейбір оқырман ақша адамның өміріндегі қажеттілігін денсаулық мәселесімен байланыстырды. 

Актер Әбілмансұр Серіков сұхбаттарының бірінде қазіргі қоғамдағы ақшаның рөліне қатысты пікірін ашық айтты. Оның сөзінше, қаржысы жоқ адамды кей орта қабылдамай, шетке ысыруы мүмкін, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

«Ақшаң болмаса, сен ешкім емессің. Ортаң ысырып тастайды», – деді актер.

Әбілмансұр Серіковтің бұл пікірі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, оқырмандар арасында түрлі пікір тудырды. Көпшілік актердің сөзімен келісіп, ақшаның күнделікті өмірдегі маңызына тоқталды.

«Ақша да тұрғанда ештеңе жоқ дейтіндер тыңдаса ғой», «Айдаладағы үш қайнаса сорпасы қосылмайтындардың өзі қалтаңның қалың не жұқалығына қарап араласады», «100 пайыз дұрыс айтады», – деп жазды желі қолданушылары.

Кейбір оқырман ақша адамның өміріндегі қажеттілігін денсаулық мәселесімен байланыстырды.

«Ауырсаң да ақша керек», – деген пікір қалдырды желі қолданушысы.

Тағы бір оқырман қазіргі ортада қаржысы жоқ адамға көзқарастың өзгеретінін айтып, актердің сөзімен келісетінін жеткізді.

«Дұрыс айтасың. Ақшаң болмаса, “мынау үйде отыр, ақшасы жоқ” деп сені менсінбейді. Соны біле тұра ішіңнен қыжыласың, үндемейсің», – деп жазды ол.

Осылайша актердің ақшаның қоғамдағы орны туралы пікірі желіде қызу талқыға түсті. 

Тегтер: блогер актер