22.09.2026, 21:30

«Гештальтін жапты»: Жігер Ауыпбаев жас әйеліне ерекше сый жасады (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Күтпеген сыйлыққа қуанған Мумина көз жасына ерік берген. 

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев жас жары Муминаға ерекше сыйлық жасап, кіші қажылыққа жолдама тарту етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өнер иесі бұл сыйлықты жұбайының арманын орындау мақсатында жасағанын айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады.

«Жұбайымның гештальтін жабу үшін», – деп жазды әнші.

Күтпеген сыйлыққа қуанған Мумина көз жасына ерік берген.

Жас жұбайлардың бұл қуанышты сәтіне желі қолданушылары да үн қосып, оларға ақ тілегін жаудырды.

«Бақытты болыңдар», «Ниеттерің қабыл болсын», «Жұғысты болсын», «Арыстандай ақырып шыққаны несі?» – деп жазды оқырмандар.