"Мына негативтің бітетін түрі жоқ".
Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-әйелі Фариза Алмасқызы әлеуметтік желіде өзіне қатысты тараған пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Фариза Алмасқызы Instagram Stories-те кейінгі уақытта бұл іске қатысты негатив пікірлердің көбейіп кеткенін айтып, жағдайдан шаршағанын жеткізді.
«Мына негативтің бітетін түрі жоқ. Сот біткеннен кейін барлығы тынышталатын шығар десем, керісінше ушығып жатқан сияқты. Оқырмандарым неше түрлі жазбалар жіберіп жатыр. Әркім әртүрлі қылып салған. Біреуі “Нұрсұлтанды қорғап, ақтап шығамын” дейді. Оның адвокаттары да “Осының барлығын Фариза әдейі жасаған шығар” деп жатыр екен.
Шынымды айтсам, барлығынан шаршадым. Мен халықтан көмек сұрап, әділдікті талап етіп, намысымды қорғаған қызбын. Оның әке-шешесіне де, Нұрсұлтанның өзіне де ешқашан тіл тигізіп, жеке басына тиісіп, ауыр сөздер айтпағанмын.
Өзі екі жыл бойы қоймағаннан кейін заңға жүгініп, өзімді қорғамасқа амалым қалмаған. Енді өзі әділетті түрде жазасын алу керек. Кешірім бер деп сұрамаңыздар», – деді ол.
Фариза Алмасқызы кейінгі жазбасында да бұл мәселеге қатысты ұстанымын ашық білдірді. Ол шыдамының да шегі бар екенін айтып, кешірім сұрау туралы өтініштерге нақты жауап берді.
