Ол бұл туралы Instagram парақшасында жазба жариялады.
Танымал журналист әрі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қоғамдағы соңғы жағдайларға байланысты алаңдаушылығын білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол бұл туралы Instagram парақшасында жазба жариялады.
«Достар, Семейдегі жағдайды оқып ойланып отырмын. Неге бізге көп оқиғалар, соңғы болған Нұрай соты да бізге сабақ болмады? Заң қатаңдатылды. Бәріміз ұл-қыз өсіріп отырмыз. Қоғам тыныш болса екен деген бір тілегіміз бар. Үкімет барлығын жасап жатыр. Неге біз мұндай жаңалықтарға, байқайсыздар ма, еті үйреніп кеткен? «Ааа» деп қоя салатындай болып бара жатырмыз. Білмеймін, не істеу керек. Не істей аламыз?» – деді ол.
Сонымен қатар журналист жағымсыз жаңалықтарға халықтың еті үйреніп бара жатқанына алаңдайтынын жеткізді.
«Жүре-жүре еті, ести-ести құлағы үйренеді ғой адамның. Менің қорқынышым – қалыпты дүние болып қабылданып кетпесе екен. Не істей аламыз?» – деді журналист.
Тележүргізушінің бұл жазбасына желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.