Әншінің інісі Заңғар Нұртас концерт барысында түсірілген видеолармен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
Танымал әнші Қайрат Нұртас Астана қаласында шығармашылық жолының 20 жылдығына арналған концертін өткізді. Өнер кешінен әсерлі сәттер көпшілік назарына ұсынылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әншінің інісі Заңғар Нұртас концерт барысында түсірілген видеолармен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Жазбада Қайрат Нұртастың сахнада өнер көрсетіп жатқан сәттерімен қатар, жұбайы Жұлдызды сүйген видеосы да бар.
Заңғар Нұртас жарияланымына: «Рахмет, Астана!» – деп жазды.
Желі қолданушылары Қайрат пен Жұлдыздың арасындағы бұл сәтке ерекше назар аударып, өз пікірлерін білдірді.
«Последний видео өтті, Заңғар, біз де бақытты болып отырмыз көріп», «Несі ұят, молодец», «Былтырғы концерттегі Жұлдыздың жүзінде оты жоқ еді, биылғы концерттегі Жұлдыздың көзінде оты бар», «Жұлдыз молодец, күйеуінің қасында жүгіріп, терін сүртіп, қолдап жүр. Ең үлкен қолдау – ол отбасының қолдауы», «Сүйгенінен, қолдауынан Жұлдыз ханымның. Осындай қолдау беретін жары тұрғанда кез келген ер азамат космосқа ұшады ғой», – деп жазды желі қолданушылары.
Желіде тараған видеоға пікір білдірген көпшілік Жұлдыздың концерт барысында жолдасын қолдап жүргенін ерекше атап өткен.