Ильнураның сөзінше, Айтуған бұған дейін екінші әйел алатынын әзіл ретінде айтып жүрген.
Блогер Айтуған Ғалымовтың бұрынғы жары Ильнура Нуранбекова Taboo бағдарламасына берген сұхбатында күйеуінің екінші әйел алу мәселесіне байланысты өзіне қол көтергенін айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ильнураның сөзінше, Айтуған бұған дейін екінші әйел алатынын әзіл ретінде айтып жүрген. Сондықтан ол бастапқыда бұл сөздерге мән бермеген. Алайда кейін екеуі осы тақырыпты шынайы талқылаған кезде, күйеуі оның қойған сұрағына ашуланған.
Ильнура балаларын алып кететінін айтып, заттарын жинай бастағанда жанжал күшейген.
«Қатты ұрып, тістерімді түсіріп тастаған. Ол ертеңіне Қытайға кетті, маған ақша жіберді. Мен омыраудағы кішкентай қызымды алып, Ташкентке кеттім. Ұлымды сіңлілеріме қалдырдым», — деді Ильнура сұхбатында.
Бұрынғы әйелінің айтуынша, сол кезде Айтуған кейін екінші жары болған Әсеммен араласып жүрген. Ильнура күйеуінің ашуына осы жағдай себеп болған деп санайды.
Ол отбасын сақтап қалу үшін күйеуінің екінші әйел алуына келісім бергенін, алайда бұл шешімнің өзіне ауыр тигенін де айтқан.
Айта кетейік, Айтуған Ғалымов кейін екінші рет үйленгенін көпшілік алдында растаған. Ал Ильнура сұхбат барысында күйеуінің телефон арқылы үш рет «талақ» айтқанын айтып, кейін некені бұзу туралы сотқа өзі жүгінгенін мәлімдеді.