Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Болат Әбдіахметов өмірден озды. Ол ел есінде «Жалаңаяқ қыз», «Сұлуым» сияқты әндерді орындап есте қалған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Оның өмірден озғанын жақындары әлеуметтік желіде хабарлады.
«Құрметті жақындары, достары, әріптестері және Болат Нұқыбайұлының шығармашылығын құрметтейтіндер. Болат Әбдіахметовтің өмірден озғанын хабарлаймыз», - деп жазған жақындары.
Естеріңізге сала кетейік, Болат Әбдіахметов қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шар қаласында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік музыка училищесін эстрада және джаз сыныбы бойынша тәмамдаған. Қазақстаннан басқа, Өзбекстан, Ресей, Қытай, Таиланд елдерінде концерт қойған.
Оның ең танымал әні – Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Жалаңаяқ қыз» әні еді. Ол әнді Орта Азия және Еуропаның бірқатар елдеріндегі жастар сүйіп тыңдайды.