01.10.2026, 11:20

«Блогер Ерболат қамауға алынды»: Жанабыловтар отбасындағы жанжалға полиция араласты

Коллаж: Sn.kz

Әлеуметтік желілерден жанжал туралы хабарлама шамамен сағат 22:22-де түскен.

Блогерлер Жанабыловтардың үйіне отбасылық жанжалдан кейін полиция келді. Эльмира Төлегенова Ерболат Жанабыловпен ажырасатынын айтып, күйеуінен гардероб бөлмесіне кіріп, жасырынып қалған. Оқиға 30 қыркүйек кешке болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Төлегенова күйеуінен жасырынып, гардероб бөлмесінде отырған сәтін видеоға түсіріп, жариялады. Оның айтуынша, Жанабылов ағаларымен бірге бөлмеге кіріп, телефонын алып кетуге тырысқан.

«Ол менің жеке заттарымды, телефондарымды алып қояды. Мен гардеробқа кіріп, есікті жауып алдым, осында отырмын», – деді Төлегенова оқырмандарына.

Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, әлеуметтік желілерден жанжал туралы хабарлама шамамен сағат 22:22-де түскен. Оқиға орнына барған полицейлер ерлі-зайыптылар арасында сөзге келіспеушілік болғанын анықтаған.

Полицияның мәліметінше, жанжал кезінде Жанабылов әйелінің телефонын алып, оның стористерін өшірген. Блогерге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

"30 қыркүйекте полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Threads әлеуметтік желісінен блогер Э. Т.-ның күйеуі Е. Ж.-мен болған жанжалға қатысты видеоүндеуін анықтаған.

Видеода әйел жанжалдың қалай болғанын айтып, қолдарындағы қызарған жерлерді көрсеткен.

Осы жағдайға байланысты оқиға орнына полиция қызметкерлері барған. Тексеру барысында ерлі-зайыптылар арасында тұрмыстық жанжал болғаны анықталды.

Алайда Э. Т. полицияға арыз жазудан бас тартқан.

Соған қарамастан, Ж. Е.-ге отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекет жасағаны үшін әкімшілік материал толтырылды. Ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, уақытша ұстау бөлмесіне қамалды.

Іс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

Бұған дейін, 28 тамызда ер адам пробациялық бақылау талаптарын бұзған. Атап айтқанда, сағат 22:00-ден кейін көрсеткен тұрғылықты жерінде болмаған. Осы құқық бұзушылық бойынша материалдар да сотқа жолданған", - делінген хабарламада. 

Ал Төлегенова шара қолданбау туралы арыз жазған. Оның мас болмағаны медициналық куәландыру кезінде анықталған. Әйелмен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Кейін Төлегенова қосымша стористер жариялап, жұрттың физикалық зорлық-зомбылық туралы болжамдарын жоққа шығарды.

«Қол көтеру болған жоқ. Адамдар солай ойлап қалуы мүмкін. Мен гардеробқа Ерболат екінші телефонымды алып қоюға тырысқандықтан кіріп, есікті жауып алдым», – деп жазды блогер.

Төлегенова қазір балаларымен бірге үйде екенін, жанында жақын адамдары бар екенін айтты. Сондай-ақ ерлі-зайыптылардың қазіргі уақытта ажырасу процесінде екенін мәлімдеді.

Блогер болған жағдайды кейінірек толық түсіндіріп беруге уәде етті.