$ 440.86 € 500.77 ₽ 5.27

«Ақиісімізді ұзаттық»: Роза Рымбаева жаңа құдаларымен танысты (ВИДЕО)

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Танымал әнші, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева жаңа құдаларымен танысты. Өнер иесінің келіні Ақерке Бүркітбайдың сіңілі ұзатылып, отбасында дүбірлі той өтті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Ақерке Бүркітбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.  

«Ақиісімізді ұзаттық. Тойымызға арнайы келіп, қуанышымызды бөліскен, барша қонақтарымызға шын жүректен үлкен алғысымызды білдіреміз! Тойдың басынан аяғына дейін бірге болып, ақ тілектеріңізді айтып, атсалысып, тойымыздың көркін қыздырып, көтеріп кеткендеріңізге мың алғыс!»,– деп жазды ол.

Айта кетейік, ұзату тойға Роза Рымбаева да қатысып, келінінің жақындарының қуанышына ортақтасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0