$ 447.73 € 502.98 ₽ 5.35

«Сағынып отырмын»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі жан сырын ақтарды

Фото: скриншот
Фото: скриншот

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы Мединаға сапары туралы естелігін бөлісіп, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Мединада болған сәтінен сурет жариялап, сапар кезінде бастан өткерген қызық жағдайды еске алды.

Айман Талғатқызының айтуынша, қалаға жеткенде екеуінің де жүгі жоғалып кеткен. Соған қарамастан, бар жағдайға шүкіршілік етіп, сол киімдерімен көшеде донер жеп, айран ішкен.

«Екеуміз Мединаға жетіп, бірақ багажымыз жоғалып кеткен кез. Сол киіммен көшеде донер жеп, айран ішіп, шүкір айтып отырған сәт. Бұл жерді басуды аңсап жүргендер қаншама. Алла баршаңызға бұйыртсыншы. Сағынып отырмын», – деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0