09.10.2026, 05:30

«Крышаң кете бастапты»: Димаш Құдайберген досының видеосына күтпеген пікір жазды (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Димаштың бұл пікірі желі қолданушыларын күлдіріп, көпшілігі әзілге қатысты өз пікірлерін білдірді 

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген досы, актер Кемеңгер Оралдың әлеуметтік желіде жариялаған әзіл видеосына пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Актер әлеуметтік желідегі парақшасында әзіл ретінде түсірілген видеосын бөліскен. Жазбаға Димаш Құдайберген де пікір қалдырды.

«Әйтеуір, крышаң медицина дамыған заманда кетіп бастағанына да шүкір. Емдетіп аламыз ба деген ой ғой…» – деп жазды әнші.

Бұған Кемеңгер Орал: «Қамқоршым», – деп жауап берген.

Димаштың бұл пікірі желі қолданушыларын күлдіріп, көпшілігі әзілге қатысты өз пікірлерін білдірді. Кейбір қолданушылар «күлкіге қарық болдық» деп жазды.