"Мен қатты ауырып бардым".
Әнші Argonya алғаш рет сұхбат берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол Қайрат Нұртастың Астанадағы концертінде болған келеңсіз жағдайға, хейтке жауап берді.
"Сол концертке біз шынымен қатты ауырып бардық. Мен қатты ауырып бардым. Дене қызуым көтеріліп тұрды. Шынымды айтатын адаммын. Ауырып тұрғаннан кейін 100 грам тартып жібердім. Қатты көрініп қалды деп ойлаймын. Тентіреп тұрған жоқпыз ғой. Басым, құлағым барлығы дыңылдап тұрды. Тырысып жатырсың, билеп жатырсың, бірақ денсаулық қой. Іштей шаршап тұрсың, бірақ сені келеді деп айтып қойған. Қалай сен "жоқ, бармаймын" дейсің? Аллаға шүкір. Жанды дауыста айтып шықтық бірақ. Ал хейтерлер олар бұрын да болған, қазір де бар. Мен құлаққапсыз болдым. Сол да әсер етеді. Стадионның жаңғырығы да өзіңе қайтып келіп естіледі", - деді ол.