Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Танымал актриса әрі блогер Жанель Мақажан ажырасуына байланысты қойылған сұрақтарға жауап беріп, желі қолданушысының пікіріне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Мен бұл пікірге жауап беруге міндеттімін. Себебі біздің қоғамда, жалпы қазақ ер азаматтарында анасы бірінші орында тұрғандықтан, көп отбасы ажырасады. Отбасылардың 80 пайызы ененің кесірінен ажырасады», – деді ол.
Сонымен қатар актриса Құдайдың ер мен әйелді жаратып, оларды бір-біріне жар етіп қосқанын атап өтті.
«Құдайдың өзі ер адам мен әйелді жаратып, бірге қосқан. Ол жарымен бірге болу үшін қосқан, анасымен емес», – деді Жанель Мақажан.
Желі қолданушыларының бірқатары отбасылық қарым-қатынасқа енелердің араласуы жиі кездесетінін айтып, өз пікірлерін қалдырды.