13.10.2026, 12:20

«Ұлыма тиіссе, аямаймын!»: Гүлзира Айдарбекова емші Бағдагүлге ашуланды (ФОТО)

Фото: Инстаграм

Желі қолданушылары продюсердің жазбасына пікір білдіріп, оның сөзін қолдады. 

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова мен емші Бағдагүлдің арасындағы дау жалғасып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Продюсер өзін сынаған сынықшыға әлеуметтік желіде жауап берді.

«Оған бұл қатынның миы жетіп тұрған жоқ қой, мен соны айтқанмын, тие берген соң. Бұл жалған ақпараттар жіберген: адам өлімі болды деп бір, одан кейін бір қыз көз жұмды деп, одан кейін жамандап видео салды. Соны историяма салып едім, белгілеп, “Сасқан үйрек артымен сүңгиді” деп, сөзін өзгертіп, халық-халық деп сөзін дереу өзгертіп, осылай видео салды. Негізі, біліп алған: халық десе, халық мен жақта болады деп.

Мен біреуге тиіспеймін де, елдің өмірінде шаруам да жоқ, бірақ ұлыма тиіссе, қарап отыра алмаймын. Бұл керексіз жерге тұмсығын тығып отырады ғой, қылығыңды қашан көрсең — өсек айтып. Актриса жолда қалады екен, өзгеріп шыға келді. Негізі, адам өлді деп жалған ақпарат таратқандарға сот бар. Соған алдын алып, “халық” деп шыға келді», – деп жазды продюсер.

Желі қолданушылары продюсердің жазбасына пікір білдіріп, оның сөзін қолдады. Сондай-ақ олар Шымкенттегі концерт кезінде болған жағдайға ұйымдастырушылар жауапты екенін алға тартты.