14.10.2026, 01:30

«Оның қасында Динараның байы жақсы»: Бағдагүл емші Қайрат Нұртасқа шүйлікті (ВИДЕО)

Фото: коллаж Sn.kz

Ақтөбелік халық емшісі, сынықшы Бағдагүл Лепесова танымал әншілер Садраддин мен Қайрат Нұртастың әрекеттерін қатаң сынап, әлеуметтік желіде үндеу жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Емші Ақтаудағы әскери жаттығу кезінде қаза тапқан 14 сарбаздың отбасына өнер иелерінің көңіл айтпағанына наразылық білдірді. Оның айтуынша, әншілер қайғы жұтқан жақындарға қолдау көрсетудің орнына концерт өткізуді жалғастырып жүр. Сондай-ақ ол Шымкентте Қайрат Нұртастың концертінде болған жаппай дүрбелеңге де тоқталды.

«Жалмауыздар. Халықты мал сияқты жинап, халықты тонап, ақша жинап жүрсіңдер. Халықты сүймейсіңдер, сыйламайсыңдар», – деп ашуланған емші әншілердің халықтың арқасында танымал болғанын еске салып, ел алдындағы жауапкершілікті сынға алды.