$ 454.14 € 509.23 ₽ 5.41

«Кіндігін жапса, етегі ашылады»: Сабина Мовлаева тағы да сынның астында қалды (ВИДЕО)

Жарияланым астында кейбір желі қолданушылары блогердің образын сынаған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Блогер Сабина Мовлаеваның фотосессиясынан тараған кадрлар әлеуметтік желіде талқыға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Инстаграмда блогердің түсірілім барысындағы видеосы жарияланған. Кадрда Сабина қара түсті қысқа киім мен ұзын қолғап киіп, камера алдында жатыр.

Жарияланым астында кейбір желі қолданушылары блогердің образын сынаған.

«Кіндігін жапса, етегі ашыла ма?» — деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.

Тағы бір қолданушы: «Осыны өздері дәреже көрсе, жеткен жетістігіміз», — деп наразылығын білдірген.

Ол мұндай контентті жасөспірім қыздар да көретінін айтып, оның тәрбиеге әсеріне алаңдаған.

Парақшадағы жазбада кейбір қолданушылардың бұл түсірілімді жаңа фильммен байланыстырып отырғаны да айтылған. Алайда жарияланымда фотосессияның нақты қандай жобаға арналғаны көрсетілмеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0