17.10.2026, 15:30

«Жазаға тарту керек»: Белгілі заңгер Дильназ Ахмадиеваның жаңа бейнебаянына қарсы шықты

Фото: Бейнежазбадан

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек әнші Дильназ Ахмадиеваның мұғалімнің кейіпінде шығып "милфа" туралы ән айтқанын қатаң сынға алды. Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Балаға Ұлттық құндылықты үйрету мектептен басталады.

Ал мектепке кім көрінгендер кіріп, мән мағынасыз видео түсіріп жын ойнақ жасаса.

Бұл дүниені көріп өскен ұрпақ не істемейді?

Мына клип қай мектепте түсірілген, рұқсат берген мектеп әкімшілігін жазаға тартуды сұраймын.

Мына әннің мағынасы жасатарға неге үгіттеп отыр? Оқушы жігіттер өздерінің ұстаздарына тәте демей, жас қыз сияқты қарау керек пе?

Білім министірі Жұлдыз Сүлейменова ханым мектеп білім ордасы!

Мынандай ұлттың болмысына дақ салатын дүниелерге мектептен бастау шектеу қою керек», — деп жазды заңгер.

Еске салсақ, бұл Азия тобы мен Дильназ Ахмадиеваның «Милфа» деп аталатын әнге бірігіп түсірген бейнебаяны.