$ 452.12 € 508.95 ₽ 5.41

«Толқитын сәт болғалы тұр»: Төреғали Төреәлінің жары сүйінші жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)

Желі қолданушылары әншінің жарына қолдау білдіріп, түрлі болжамдарын жазды.

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы қуанышты жаңалығымен бөлісті,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, алдағы уақытта өзін толқытатын ерекше сәт күтіп тұрғанын жеткізді.

«Бүгін мен үшін ерекше күн. Көптен бері осы бағытта ұсыныстар көп түсетін еді. Енді көпбалалы анамын ғой, уақыт барлығына тапшы болатын. Енді соның бір орайы келіп тұр. Әзірге құпия бола тұрсын, бірақ мен үшін сондай толқитын сәт болғалы тұр», – деді Толқын Тұрарбекқызы.

Желі қолданушылары әншінің жарына қолдау білдіріп, түрлі болжамдарын жазды.

«Сәттілік!», «Керемет!», «Қыз ұзатасыз ба?», «Ән жаздырып жатырсыз ба?» – деп пікір қалдырды оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0