$ 452.12 € 508.95 ₽ 5.41

«Күйеубала да біреудің ерке баласы»: Жанар Айжанова ел күтпеген пікір айтты (ВИДЕО)

Әншінің айтуынша, қазіргі жастардың өмірге деген көзқарасы өзгерген.

коллаж: Sn.kz
коллаж: Sn.kz

Актриса әрі әнші Жанар Айжанова жас отбасылар арасындағы ажырасу мәселесі мен ене мен келіннің қарым-қатынасына қатысты пікір білдірді. Өнер иесі бұл туралы «Айтарым бар» подкастында айтып, отбасын сақтап қалуда үлкендердің рөліне тоқталды,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әншінің айтуынша, қазіргі жастардың өмірге деген көзқарасы өзгерген. Сондықтан олармен қарым-қатынас орнату үшін үлкендерден сабыр мен ерекше тәсіл қажет.

«Қазір жастардың өмірге көзқарасы басқа. Аңдап сөйлеп, ақырын басып, ыңғайлану керек. Ененің сайқал саясаты болу керек. Екі жақты бірдей ұстайтын, өзіңді сыйлататын саясатың болғаны жөн. Келін ақсаусақ болса, ақырындап үйрету керек. Күйеубала да сондай, ол да біреудің ерке баласы. Оны да бауырға тартқан дұрыс. Бәрі басымнан өтті. Ал жастардың ажырасып жатқаны — өте қайғылы нәрсе», – деді ол.

Сондай-ақ Жанар Айжанова отбасындағы келіспеушіліктерді ақылмен шешіп, жастарға дер кезінде жөн сілтей білу маңызды екенін атап өтті. Оның пікірінше, мұндай жағдайда үлкендердің парасаты мен сабырлылығы ерекше рөл атқарады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0