Өнер иесі анасының жағдайын сұрап барған күнін еске алып, жүрек тебірентерлік жазба қалдырды.
Танымал әнші Кенжебек Жанәбілов әлеуметтік желідегі парақшасында Сәкен Майғазиевтің марқұм анасымен бірге түскен видеосын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі анасының жағдайын сұрап барған күнін еске алып, жүрек тебірентерлік жазба қалдырды.
«Анамның соңғы демінде өткен күндерді еске алып, құрбым: “Күндердің күнінде артыңнан келемін” деген сөзі жадымда қалып еді!
Жандарыңыз жәннатта шалқысын, асыл аналарым!» – деп жазды Кенжебек Жанәбілов.
Алайда әншінің жазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Бірі марқұмның рухына дұға бағыштап, қайғысына ортақтасса, енді бірі ауыр халде жатқан адамды видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жариялауды құптамады.
«Халықтың анасы болып еді».
«Ауырып жатқан адамды видеоға салып, желіге салған дұрыс емес. Бардыңыз, көрдіңіз, сауап жинадыңыз. Бірақ дүйім елге оны жариялап, жақсы атақ жинап не керек?»
«Қуама. Өзі қиналып жатқан адамнан қалай бата сұрайды?»
«Мұндайды салмау керек еді. Не болып барады адамдар?»
«Негізі, дұрыс емес. Адамның жаны қиналып жатқанда видеоға түсіру», – деп жазды желі қолданушылары.
Осылайша, Кенжебек Жанәбіловтің естелік жазбасы көпшіліктің арасында түрлі пікір туғызып, ауыр халдегі адамды видеоға түсіріп, жариялау мәселесіне қатысты дау өршіді.