Қысқа ғұмыр-ай.
Ердос Қанаев суыт хабар айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол Сарыағашта тұратын Бағлан бауырының қайтыс болғанын жазды.
"Сарыағашта тұратын Бағлан бауырым (Алла рақым етсін) Раббысына қайтты.
Осы кішкентей балапаны өмірге келгенде: "Ереке, өзіңіз азан айтып, атын қойып бересіз ғой" деген еді.
Қысқа ғұмыр-ай... Бәкемнің аманатын орындадым", деп жазды ол.
Желі қолданушылары әншіге жаппай көңіл айтты.