20.10.2026, 11:20

«Өлген жоқпын, тірімін!»: Бағлан Әбдірайымов халыққа ренішін айтты (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Адам шошитындай ақпарат".

Әнші Бағлан Әбдірайымов желідегі парақшасында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Ердос Қанаев "Бағлан бауырым Раббысына қайтты" деп басқа досы жайлы қайғылы хабар айтқан еді.

Алайда Бағлан Әбдірайымов өзін өлді деп хабар таратқан халыққа ренішін білдірді. 

"Ассалаумағалейкүм! Туған күніме орай Құран оқыттық, көкпар бердік. Бәрі жақсы өтті, Аллаға шүкір. Бата алдық, азаматтарды атқа мінгіздік. Енді жұмысқа кірісейін деп жатсақ, мынадай хабарламалар келіп жатыр. Мен таң қалдым! Таныстарым, достарым хабарласып жатыр. Адам шошитындай ақпарат. Осылай жасауға бола ма енді? Құдайға шүкір, тіріміз ғой. Әлі қаншама әндерім бар, жарыққа шықпаған. Енді қызық болады", - деді ол.