Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Танымал актер Алмат Сақатов балаларға арналған жәрдемақы төлемі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Қырылып жатырмыз міне, А, В, С, Д, Г группасы деп. Әйеліміз екеуміз былай-былай шыққанда, оның жалақысы менен көп. Біздікі аз енді. Мен енді Г группасымын. Маған тиын-тебен беріп тұрыңдар деймін. Кеше тойға барамын деп ақша алып едім, аяқ астынан А группасы болып шыға келдім. Әйелім пособие алмайсың дейді. Мен неге алмаймын? Үйдің тірлігін, сырттың тірлігін жасаймын. Үйде отырмын ғой енді. Мына группаларды түсіндіріңдерші өзі», – деді актер.
Желі қолданушылары да бұл мәселеге қатысты түрлі пікір білдірді.
«Не болса да, ащы шындықты жеткізді», «Түсінбей қалдық қой сол, алсын енді оны да, көп көрді», «Күшті жеткіздіңіз», «Алдағы өмір шындығы осындай болады енді, масқара», «Өзі бір-ақ рет берілетін өмірде халықтың әр жағдайын бөлгендері несі?» – деп жазды олар.