21.10.2026, 03:30

«Көңілімде мәңгі қалды»: Жазира Байырбекова өткенін еске алып, жылады (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Ол әлеуметтік желідегі парақшасына видео жариялады.

Танымал әнші Жазира Байырбекова өткен күндерін еске алып, көзіне жас алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасына видео жариялады.

«Оқушы кезімдегі көңілімдегі күнделік ақтарылып жатыр…

Балалық шақтың әрбір естелігі жүрекке ерекше ыстық қой. Сол күндерге қайта оралғандай күй кешіп отырмын…

Сол әжей менің мәңгілік бала бейнемде қалды. Уақыт өтсе де, жүректе сақталған естеліктер ешқашан ескірмейді екен…» – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары да әсерлі жазбаға пікір білдірді.

«Мен неге жылап отырмын», «Көңілім бос адаммын, сіз айтқан әңгімеден сол орыс әже көз алдыма келді», «Мейірімді жүрек түкпірінде қалған естеліктер», «Кино көріп отырғандай болдым, жыладым. Көңілі бос адамдарды қатты түсінемін», – деп жазды көпшілік.