$ 452.59 € 507.67 ₽ 5.48

Қазақстандық режиссер әйгілі Rihanna-ның күйеуіне бейнебаян түсірді (ВИДЕО)

Shroom Clouds әніне түсірілген бейнебаян 19 қазан күні YouTube желісіне жарияланды. 

Фото: instagram.com/aisultan
Фото: instagram.com/aisultan

Қазақстандық клипмейкер, режиссер Айсұлтан Сейітов әлемге әйгілі әнші Rihanna-ның күйеуі, америкалық рэпер, A$AP Rocky лақап атымен танымал Раким Ателастон Майерстің әніне бейнебаян түсіріп берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Shroom Clouds әніне түсірілген бейнебаян 19 қазан күні YouTube желісіне жарияланды. Отандасымыздың аты-жөні клиптің соңында көрсетілетін тізімде жарияланған.

Айсұлтан Сейітов бейнебаян жарияланғаннан кейін желідегі парақшасында арнайы жазба жариялады.

«Джимми, саған мың алғыс. Өз өзіме әлі келе алар емеспін», – деп жазды режиссер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0