20.10.2026, 15:00

Ресейлік рэпер Navai-дың кепілмен босатылғаны туралы ақпарат тарады

Фото: Legion-Media.ru

Наваи есірткі контрабандасына қатысты айыпты мойындамаған. 

ЭSHOT мәліметінше, сот Наваиге қатысты бұлтартпау шарасын өзгертіп, оны кепілмен босату туралы шешім қабылдаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұған дейін Бакиров алдымен уақытша ұстау орнына қамалып, кейін Тараз қаласындағы №13 тергеу изоляторына ауыстырылған. Кеше кешке өнер иесі қайтадан изоляторға жеткізіліп, бүгін сот отырысына әкелінген.

Наваи есірткі контрабандасына қатысты айыпты мойындамаған. Оның айтуынша, марихуана өзі жалға алған «Mercedes» автокөлігінен табылған.