21.10.2026, 10:40

«Мені ғана емес, елді де алдап келген»: Мөлдір Мұқан Тұрсынбектен кешірім талап етті

Коллаж: Sn.kz

"15 жыл бойы материал қылған ғой".

Мөлдір Мұқанова бұрынғы күйеуі Тұрсынбек Қабатовтың әзілдеріне қатысты пікір білдіріп, одан көпшілік алдында кешірім сұрауды талап етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі әзілкештің сахнада Мөлдір Мұқанованың өмірі мен күнделікті тіршілігін әзілге қосып, сол арқылы табыс тапқанын жазған.

Бұған жауап берген Мөлдір Мұқанова бұрынғы күйеуінің 15 жыл бойы өзін әзілдеріне арқау еткенін айтып, бұл жағдайға өкініш білдірді. Сондай-ақ ол әзілкештің әрекетін тек өзіне ғана емес, көпшілікке де қатысты мәселе деп бағалады.

«15 жыл бойы материал қылған ғой. Мені ғана емес, елді де алдаған. Өкінішті. Өтірік әзілдері үшін билет сатып, ақша тапқаны үшін қазақ елінен кешірім сұрауы керек-ау», – деп жазды ол.