21.10.2026, 11:40

«Әннің өзі ғана 1 млн теңге»: Мөлдір Әуелбекова Бағым Мұхитдиновамен болған жанжалдан кейін тағы да елді шулатты

Фото: Әлеуметтік желі

Әнші Мөлдір Әуелбекова желіде күтпеген мәлімдеме жасады. Әнші желіде жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Қуалай! 23 кәсіби сахнамдағы ең қымбат әнім! Әннің өзі ғана 1млн теңге! Авторы кім деп ойлайсыз? Қымбат тыңдарманға — қымбат ән!», — деп жазды ол.

Десе де, көпшілік оның жаңа әні мен образын қатаң сынға алды. Олардың айтуынша, әннің мағынасы жоқ, ал әншінің өзі болса, образымен елдің сынына іліккен.

Айта кетейік, бұған дейін Мөлдір Әуелбекова продюсер Баян Алагөзова мен Бағым Мұхитдиновамен сөзге келіп қалған еді. Екі тарап күні бүгінге дейін бір-бірімен ара қатынастарын әлі де өзгертпеген.