21.10.2026, 12:00

«Әніңіздің біреуін домбырамен айтсам…»: Өзбек әншісі Юлдуз Усманова Мақпал Жүнісоваға қолқа салды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Әйгілі өзбек әншісі Юлдуз Усманова мен Мақпал Жүнісованың бірге отырған видеосы тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өзбекстан әншісі Юлдуз Усманованың Мақпал Жүнісовамен бірге отырған видеосы желіде тарады. Онда екі әншінің сырласып отырғанын, Юлдуз Османованың әншіден әндерінің бірін орындауға сұрап отырғанын көруге болады. Сондай-ақ, екі әнші алдағы концерттерге қатысты жоспарларымен бөліскен. 

Желі қолданушылары екі аңыз әншінің бірге отырғанын көріп, оларға арналған жылы тілектерімен бөлісіп жатыр.