$ 450.69 € 505.04 ₽ 5.45

«Бұл-көргенсіздік!»: Қайрат Нұртас сөмке лақтырған көрерменге ескерту жасады ( ВИДЕО)

Оқиға әнші өнер көрсетіп жатқан сәтте болған.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Қызылордада концерт берген әнші Қайрат Нұртас сахнаға сөмке лақтырған көрерменнің әрекетіне қатысты пікір білдірді,  деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Оқиға әнші өнер көрсетіп жатқан сәтте болған. Көрермендердің бірі залдан сахнаға шағын сөмке лақтырған. Қайрат Нұртас әнін аяқтаған соң сөмкені алып, иесіне қайтарып берді.

Сондай-ақ әнші көрерменге мұндай әрекеттің дұрыс емес екенін ескертіп, сөгіс айтты.

«Үйтіп лақтырма, бауырым, көргенсіздік болады», – деді ол.

Сөмкенің сахнаға қандай мақсатпен лақтырылғаны белгісіз. Әнші көрерменге ескерту жасағаннан кейін концертін жалғастырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0