22.10.2026, 03:30

«Көзінде мұң бар, амалсыздан отыр»: Тұрсынбектің екінші әйелі енесін үйіне шақырды (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Мама келіп, берекеміз артып жатыр".

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы енесімен бірге түскен видеосын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Желіде тараған кадрлардан Айманның әзілкештің анасының алдында билеп жүргенін көруге болады.

«Мама келіп, берекеміз артып жатыр. Қанша жасқа келсе де, ана үшін баласы – бала, бала үшін анасы – ана болып қалатыны анық», – деп жазды ол.

Желі қолданушылары да видеоға қатысты пікір білдіріп, Айманның келін ретіндегі қарым-қатынасын жоғары бағалады. Кейбірі Тұрсынбектің отбасында бақытты екенін айтып, жылы лебіздерін білдірді.

"Амалсыздан отырған сияқты мамасы", "Көзінде мұң бар", "Көңіл күйі жоқ", "Көңілін ауласа да, күлмейді", "Мынаған ашуы келіп жатқан сияқты", - деп жазды оқырмандар.