21.10.2026, 15:00

«Қорқатын болдық қой»: Жұмабек Жанықұлов құлағынан шерткен асаба мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Ол жазбасында Динара Сәтжанның есімін атап, оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Жұмабек Жанықұлов құлағынан шерткен асаба осы оқиғадан кейін мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Нұрбек Саламатов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Ол жазбасында Динара Сәтжанның есімін атап, оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«Динара Сәтжан деп келесіде айтпаңыздар. Қолы жұмсақ екен. Ләйлә Сұлтанқызы ғой иә, ештеңе өзгерген жоқ па? Қорқатын болдық қой», — деді ол.

Сонымен қатар ол оқырмандарынан «не істеп, не деуім керек еді» деп ақыл сұрады.

Жазбаға пікір қалдырғандар да өз ойларын ортаға салды.

«Бұрынғы әйелінің айтқанын ұмытпаңыз», «Жұмабек Сәтжан», «Шапалақпен жауап беру керек еді», «Аузы қисық болса да бай құлақтан шертсін», — деп жазды желі қолданушылары.