«Жасына жетпей алжыпты ғой».
Әзілкеш Уәлибек Әбдірайымовтың тойда берген батасы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Желіде тараған видеода «Малой братан» лақап атымен танылған блогердің Уәлибек Әбдірайымовтан бата сұрағаны көрінеді. Сол сәтте әзілкештің жанында актер Жүсіп Ақшора да болған.
Алайда көпшілікке әзілкештің бата кезінде айтқан сөздері ұнамаған.
«Жаның жәннатта болсын. Әй, Андрей, мына қазақтың ортасында абыройың өссін. Әй, жүр. Әумин», – деген ол.
Видеоны көрген желі қолданушылары батаның мазмұнын сынға алып, пікірлерін жарыса жазды.
«Жасына жетпей алжыпты ғой», «Осылай да бата беруге бола ма?», «Екеуі де ішіп алған», «Удай мас қой», «Үлкендердің бәріне не болған?», «Қалжыңдаса да бұлай дегені дұрыс болмапты», – деп жазды олар.