21.10.2026, 17:40

«Ол жиі әзілдеседі»: Динара Сәтжан жүргізушінің құлағынан шерткен күйеуін жақтады

Фото: Instagram/dinarasatzhan

Тележүргізуші Instagram Stories-те оқиғадан астар іздемеуге шақырған.

Тележүргізуші Динара Сәтжан «Zamanback-2» фильмінің премьерасында жұбайы Жұмабек Жанқұлдың жүргізушінің құлағынан шерткеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тележүргізуші Instagram Stories-те оқиғадан астар іздемеуге шақырған. Оның айтуынша, жұбайы жүргізушілермен және фильм продюсері Серік Ибрагимовпен осындай мәнерде жиі әзілдеседі.

Динара Сәтжан жұбайының бұл әрекеті фильмге жарнама болды деп есептейді. Оның пікірінше, жұрттың талқылауы көрерменнің қызығушылығын арттырып, картинаның кассалық табысына әсер етуі мүмкін.

Сондай-ақ ол продюсер Серік Ибрагимов осындай жарнама үшін жұбайына фильм түсімінен үлес беруі керек деген пікір айтқан. Тележүргізушінің сөзінше, Жұмабек бұл қаражатты қайырымдылыққа бағыттайды.

Динара әлеуметтік желілерде тегін неліктен әлі өзгертпегенін де түсіндірген. Оның айтуынша, Instagram мен Facebook платформаларында тегін ауыстыра алмай жүр.

Еске салайық, премьерада жүргізуші тележүргізушіні Динара Жанқұл емес, Динара Сәтжан деп таныстырғаннан кейін оның жұбайы жүргізушінің құлағынан шерткен. Бұл әрекет әлеуметтік желіде талқылауға түсті.