22.10.2026, 10:40

«Жер тепкілегені несі?!»: Мейрамбек Беспаевтың концертіне дайындалған әншілер сынға қалды (ВИДЕО)

коллаж: Sn.kz

Желі қолданушылары өнер иелерінің әрекетіне қатысты түрлі пікір білдірді. 

Танымал әнші Мейрамбек Беспаевтың 50 жас мерейтойына арналған концертке дайындық кезінде бірнеше өнер иесі билеп, желі қолданушыларының сынына қалды. Олардың қатарында Тоқтар Серік, Әбдіжаппар Әлқожа және Ғазизхан Шекербеков бар, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әншілердің дайындық кезіндегі биі әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Желі қолданушылары өнер иелерінің әрекетіне қатысты түрлі пікір білдірді.

«Тоқтар деген мүлдем ұнамайды», «Шегірткелер», «Жер тепкілегені несі?!», «Бұлар той тойлап, Сәкен қайғыда отырғанда, жер тепкілеп не көрінді? Халықтың алдында мәдениеттілік деген болу керек», «Жанды дауыста ән айтып, дауыстарыңды аранжировка жасатып, өңдемей шығыңдар», «Серік — кафельдің жауы», «Жер тепкілеуге болмайды ғой», «Жараспайды, 50-ге келгенде жер тепкілеп, не абырой жинайын деп тұр екен?», «Түк те жарасып тұрған жоқ», «Маймылдар таза», «Аяқтан басқа би жоқ осыларға», «Тоқтарға ештеңе де жараспайды. Мейрамбек екеуі сахнаны тастау керек қой, семіздікке жер тепкілеу ғана жарасады», — деп жазды көпшілік.