"Баламның бақытты сәттерін көру – мен үшін ең үлкен қуаныш".
Әнші Мадина Сәдуақасова ұлы Әнуарды ертіп, АҚШ-қа саяхатқа барды. Нью-Йоркке баруды көптен бері армандаған баласының тілегін орындаған өнер иесі әлеуметтік желіде сапардан түсірілген суреттерін жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Әнші Instagram парақшасында ұлымен бірге Нью-Йоркте түскен фотоларын бөлісіп, баласының қуанышы өзі үшін ерекше маңызды екенін жазды.
«Америка, Нью-Йорк, 2026 жыл. Бұл сапар – ұлымның көптен бергі арманы. Баламның бақытты сәттерін көру – мен үшін ең үлкен қуаныш», – деп жазды Мадина Сәдуақасова.
Сондай-ақ өнер иесі ұлына ақ тілегін арнап, алдағы уақытта да бірге әлем аралауды армандайтынын жеткізді.
«Арманың асқақ болсын, Әнуарым! Құдай қаласа, әлі талай рет бірге әлем аралайық!» – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары анасы мен баласына жылы лебіздерін білдіріп, сапарларының сәтті өтуіне тілектестік танытты. Бұған қоса, Әнуардың есейіп қалғанын айтып, оның әкесіне қатты ұқсайтынын атап өтті.
«Сондай әдемі әрі бақыттысыздар! Әрдайым осылай болсын!», «Қалай өсіп кеткен! Сапарларыңыз сәтті өтсін», «Әкесінен аумайды, есейіп қалыпты», «Армандары орындала берсін», – деп жазды оқырмандар.