$ 447.94 € 502.32 ₽ 5.52

«Менің қорқынышым – сені жоғалту»: Айгүл Иманбаева жан сырын ақтарып, жылады (ВИДЕО)

Әншінің айтуынша, ата-ананың мәңгі қасында болмайтынын әкесі өмірден өткенде түсінген. 

Фото: Видео скриншот
Фото: Видео скриншот

Танымал әнші Айгүл Иманбаева анасы туралы айтып, көзіне жас алды. Өнер иесі бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Әншінің айтуынша, ата-ананың мәңгі қасында болмайтынын әкесі өмірден өткенде түсінген. Сол кезде Англияда оқып жүрген ол елге оралғанда анасын құшақтап, көз жасына ерік бергенін еске алды.

«Мен ата-ананың мәңгі қасымда жүрмейтінін әкем өмірден өткенде сезіндім. Мен сол кезде Англияда оқып жүрмін. Үйге келгенде анамды бас салып құшақтап, жылағаным есімде. Тәте, мен сені жоғалтуға дайын емеспін. Өлімді қабылдау керек екенін білемін. Бірақ ешкім әке-шешесін жоғалтуға дайын емес. Анама: “Сен кетпеші, жүре тұршы”, – деп жыладым», – деді әнші.

Сондай-ақ өнер иесі әкесімен 40 жыл бойы араласпағанын, кейін қайта кездескен соң одан айырылу өзіне ауыр тигенін айтты.

Айгүл Иманбаева ата-анадан айырылу, әсіресе ананы жоғалту бала жүрегі үшін әрдайым ауыр екенін жеткізді.

Әншінің жан тебірентер әңгімесі желі қолданушыларына да әсер етті. Көпшілік оның сөзіне қосылып, бірге жылағандарын және өз аналарын еске алғандарын жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0