Сырға салу тойы өткеннен кейін өнер иесі желіде жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Естеріңізде болса, актриса Дариға Бадықоваға сырға салынып, ол өзімен бір киноға түскен актер Олжас Абайға тұрмысқа шыққан еді.
Өнерлі жұптың ара қатынасы туралы хабар бұрын да болатын. Алайда, жас отбасы оны күні бүгінге дейін жасырып келген.
Үлкен тойды желтоқсан айына жоспарлаған қос жұп, қазіргі таңда бал айында жүрген сыңайлы. Актриса Дариға Бадықова желіге Катарда жүрген суреттерін жариялады.
«Өмірден көп нәрсе сұраймын. Өмір естелігі. 21.10.2026 жыл! Доха қаласы!», — деп жазды ол.
Көпшілік жас жұпқа жылы тілектерін жаудырып жатыр.